Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024 16:46

Түркістан: облыс әкімі Сайрамдағы полиция ғимараты мен кәсіпкерлік нысанының жұмысымен танысты

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Жақында тапсырылған нысандар мен жүзеге асырылған жобаларды қадағалады.

Өңір басшысы Қарабұлақ ауыл округінің жаңа полиция пункті ғимаратында болды. 2 қабатты ғимараттың құрылысы биыл тапсырылған. Мұнда тәртіп сақшыларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

Өңір басшысына Сайрам ауданындағы «CA PABLE GROUP МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» қоғамдық бірлестігінің кәсіпорнын кеңейту, қуатын арттыру жұмыстары да таныстырылды. Мұнда ылғал және құрғақ майлықтар, құрғақ кір жуғыш ұнтақтар өндіріледі. 20 адам жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді.Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға өндіріс орындарын көбейту, кәсіпорындар ашу, білім, медицина мекемелерінің жұмысын ширату жөнінде тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру туралы идеясының негізгі мақсаты – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамның мүддесі мен талап-тілегін ескере отырып, осы мақсатта жұмыла әрекет ету – бүгінгі күннің талабы екені айтпаса да түсінікті. Бұл жауапты іс тікелей құқық қорғау саласы қызметкерлерінің адал еңбегі арқылы жүзеге асады. Сондықтан полицияның кедергісіз қызмет етуіне Түркістан облысы әкімдігі тарапынан барлық қолдау көрсетілуде. 2022 жылы ғана полиция қызметкерлеріне 252 жаңа көлік табысталса, былтыр тағы да 30 автокөлік алынды.Бүгінгі таңда, облыс аумағында жалпы 12 стационарлық полиция бекеттері орнатылған. Тиісінше, облыстағы ішкі істер саласының басшылығы мен қызметкерлері қырағылықпен қызмет етіп, нәтижелі жұмыс көрсетуде.

Ел Президентінің полицияны сервистік моделге көшіру туралы тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдан бастап облыста ведомствоаралық топтар құрылып, жұмыстарын атқаруда. Бұл - халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қарқынды қадам. Елдің амандығы мен құқықтарының сақталуы ішкі істер саласының қызметкерлеріне ғана емес, қоғамның алдындағы міндет.

Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне күш салынған. Атап айқанда, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосу үшін «Ұлттық Ұланның» әскери бөлімін құру қолға алынды. Ұландықтарды орналастыру үшін Түркістан қаласынан арнайы ғимарат белгіленіп, құрылыс жұмыстары жүруде.

2023 жылы Полиция Департаментінің Департамент жанынан Жедел басқару орталығы ашылды. Полиция қызметкерлеріне былтыр 252 жаңа көлік табысталса, биыл тағы да 30 автокөлік алынды. Ел Президентінің полицияны сервистік моделге көшіру туралы тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдан бастап облыста ведомствоаралық топтар құрылып, жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ, былтыр маусым айында Түркістан Облысының Полиция Департаментінің жаңа ғимараты ашылды. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан Полиция департаментінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне сол кездегі ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Қаланың сәулеттік стиліне үйлесімді көпқабатты нысанның лентасын қиып, аралап шыққан болатын.

Жаңа ғимаратта тәртіп сақшылары алаңсыз жұмыс істеуі үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, барлық жағдай жасалған. Айта кетсек, облыстық Полиция департаменті ғимараты толық заманауи техникамен жабдықталып, жиһаздары орнатылып, пайдалануға берілді. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2. 470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының жалпы жер ауданы – 4000 м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Мәжіліс залы, спорт залы, тир, арнайы автотұрақ, автокөлік жуу орнымен қамтылған.

Жаңа ғимараттың жанында еліміздегі ең ірі кешеннің бірі, соңғы үлгідегі 126 монитор орнатылған Жедел басқару орталығы орналасқан. Бұл орталық арқылы облыстағы көшелер мен жолдар, барлық білім ұялары тәулік бойы қадағалауда. Полиция жұмысының қайнар көзі саналатын орталықта «102» желісіне соғылатын қоңыраулар қабылданады. Әрбір қоңыраудың артында үлкен командалық қызмет атқарылады. Ғимараттың жалпы ауданы – 3 га.Жалпы, еліміздегі қылмыс деңгейі жыл басынан бері 19%-ға төмендеген, ал Түркістан облысы республика бойынша қылмысы ең аз облыстар қатарынан түспей келе жатқанын да айта кеткен жөн.

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев еліміздің Ішкі істер министрлігіне құқық қорғау саласын жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдап, Жаңа Қазақстанға лайықты полиция құру міндетін жүктегені белгілі. Бүгінге дейін құқық қорғау саласында көптеген реформалар жасалып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен, Мемлекет басшысы өзінің былтырғы Жолдауында полицияның жұмысын жетілдіру бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл шаралар халықтың сұранысына, қоғамның мүддесін қорғауға бағытталған полиция құруды көздейді. Сондықтан да Түркістан облысының полиция департаменті саланы бюрократиядан арылту, цифрландыру және оңтайландыру бағыттарына басымдық бере бастаған.

Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі. Сервистік модельді енгізу тығыз өзара іс-қимыл арқылы нәтижеге қол жеткізілетінін ескере отырып, жаңа модельді дамыту қоғамның және барлық мүдделі тараптардың қатысуын талап етеді. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген сервистік модель барлық проблеманың әмбебап құралы болып табылмайды, алайда қоғаммен сындарлы диалог құрудың сенімді құралдарының бірі. Полиция мен халық қатар әрекет етіп, жұдырықтай жұмылғанда ғана, біз қауіпсіз қоғамды құра аларымыз анық.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 37 рет