Қоқыс тасымалдаушылардың заңсыз әрекеттері экологияға зиян келтіріп қана қоймай, қала тұрғындары мен кәсіпорындары үшін де қауіп тудырмақ. Алдағы уақытта әкімдік пен құқық қорғау органдары тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылып, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда қатаң жауапқа тартылатын болады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2-бөлігі бойынша 10АЕК, 505-бабының 2-бөлігі бойынша 2 АЕК айыппұлдар салынып, жерқойнауын заңсыз пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Әзімбек Пазылбекұлы қоқысты дұрыс өңдеу мен тасымалдау жұмыстарының қала үшін маңыздылығын атап, тазалықты сақтау үшін тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру қажет екенін, сонымен қатар, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою мақсатында жергілікті учаскелік полиция мен әкімдік қызметкерлеріне үздіксіз бақылауды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат