«Заңсыз сақтаудағы қару-жарақ құралдарын сатып алу жөніндегі акция ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген. Ерікті түрде тапсырылатын атыс қаруына, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарға дәрежесіне қарай ақшалай сыйақы беріледі. Яғни, автоматты ойық қаруға - 393 200 теңгеге дейін, ұзын ойық ұңғылы қаруға - 196 600 теңгеге дейін, қысқа ұңғылы ойық қаруға - 157 280 теңгеге дейін, тегіс ұзын ұңғылы қаруға - 117 960 теңгеге дейін беріледі.
Одан бөлек, травматикалық тапанша немесе револьверге - 39 320 теңгеге дейін, жарылғыш зат және артериялық снарядқа - 27 524 теңгеге дейін, жарылғыш заттың 1000 граммына - 23 592 теңгеге дейін беріледі. Одан бөлек, 5,6 мм калибрден жоғары ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтың данасына - 112 теңгеден, 5,6 мм калибрлі кіші ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтарға данасына - 34 теңгеден беріледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырылған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», - деді Абдулла Аманбаев.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат