Нәтижесінде жүк көтергіш механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы талаптардың сақталмағаны анықталды. Меншік иесі заңнама талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Заңға сәйкес ұйымдар қауіпті техникалық құрылғыларды (оның ішінде лифт, эскалатор) пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтары, техникалық куәландыру жұмыстары және жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің есебіне қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруы қажет. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат