Бұл акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы мен кәсіби заңгерлер және адвокаттардың қатысуымен өткізілді.
Акция барысында тұрғындар Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары, адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес алды.
Аудан бойынша бұл шараға 59 тұрғын қатысып, жер мәселесі, отбасылық даулар, мұрагерлік құқық, несиелер, жол-көлік оқиғалары және басқа да әлеуметтік маңызды сұрақтар бойынша өздерін толғандырған мәселелерге заңгерлік жауап алды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат