Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық прокуратура прокуроры Руслан Айдарбеков пен аудандық полиция бөлімінің пробация бөлімшесінің басшысы Ақерке Кәдірбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді ортаға салды. Аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Сламбекұлы пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу – олардың түзелуіне және қайта қылмысқа жол бермеудің негізгі тетігі екенін атап өтті.
Жиында пробация есебіндегі азаматтар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, оларды тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету және қоғамға бейімдеу тетіктері жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында салааралық өзара іс-қимылды күшейту, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүйелеу бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат