Рейд барысында су айдындары мен каналдардың жағалауларында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік талаптары жөнінде ақпараттық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған аумақтарға ескерту белгілері орнатылып, қауіпті аймақтарға арнайы трафареттік жазулар түсірілді. Профилактикалық жұмыстар шеңберінде су айдындарына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы әуеден мониторинг жүргізіліп, азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі бақылауға алынды.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы талаптарын бұзған азаматтар анықталып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілмеген және шомылуға тыйым салынған орындарға түспеуге шақырады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат