Комиссия отырысында аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу, олардың туындау қаупін төмендету және дер кезінде сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері құрылмаған шалғай елді мекендерде жергілікті бюджет есебінен өрт сөндіру бекеттерін құру мүмкіндіктерін қарастыру болды. Бұл бағыттағы жұмыстар елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жазғы шомылу маусымында тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жауапты сала өкілдері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын күшейту, қауіпсіздік талаптарын сақтау және бақылау шараларын жүйелі жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Жиын барысында орындаушылық тәртіп мәселесі де қаралып, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы сараланды. Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Отырысты қорытындылаған аудан басшысы айтылған ұсыныстар мен ескертулердің назарға алынатынын атап өтіп, қабылданған шешімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Осы тұста айта кетсек, құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады. Қатерлерді орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.
Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек. Сол себепті жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы зор. Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқаған кезде оны сөндіруге кірісу қажет, егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өрт шыққан жерді анықтап тиісті органдарға хабарлау керек.
Сондай-ақ, шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың көпшілігі тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындарында болады. Әрбір азамат қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Жаз мезгілінде тұрғындардың су айдындарына барып демалуы көбейеді. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Ең алдымен, тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылған дұрыс. Мұндай орындарда құтқарушылар кезекшілік атқарып, су түбі алдын ала тексеріледі. Белгісіз және қауіпті аймақтарда суға түсу адам өміріне үлкен қатер төндіреді.
Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Ата-аналар мен заңды өкілдер балаларды үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі қажет. Суға мас күйінде түсуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар су ішінде бір-бірін итеру, жалған дабыл беру, шамадан тыс алыстап жүзу сияқты әрекеттерден аулақ болу қажет. Қайықпен немесе басқа да жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыздар. Ауа райының қолайсыз кезінде суға түспеген жөн. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу «112» қызметіне хабарласыңыздар.
ТЖ қызметкерлерінің пікірінше көбінесе судағы адамдардың өлімі суға батқандардың кінәсінен орын алады, жеңілдікпен қарау, күштерін және мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау. Тәжірибесіз әрекеттердің нәтижесінде адамда урей және дүрбелен қорқу пайда болады. Суда адамдардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету, әсіресе балалардың, ересектерден балалардың су айдындарындағы мінез-құлық ережелерін сақтау, шомылуды уйрену және демалуды қауіпсіз ұйымдастыруды талап етеді. Ересектер де батып кетеді, балық аулауда немесе мас болу күйінде. Мұның бәрі судағы мінез-құлық және қарапайым ережелерді елемейтін демалушылардың немқұрайлылығы.
Республиканың көптеген аймақтарында арнайы шомылу жабдықталған орындардың тапшылығы - судағы адамдардың өлімнің басты себебі. Құтқарушылар басты себеп - судағы қауіпсіздік ережелері сақтамау деп санайды. Бала және ересек адам судың жанында қандай ережелерді білуі керек? Біз сіздің назарыңызға шомылуды ұнататындардың барлығын қорғауға көмектесетін жадынаманы ұсынамыз. Баланың денсаулығы үшін судың жанында демалуы үшін ол суда жүзе білуі, судағы мінез-құлық ережелерін білуі және орындауы керек, бұл ережелерді ересектер, әсіресе ата-аналар ұстанатынын көру қажет. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес: — жалғыз, ересектердің бақылауынсыз, балалардың шомылу және оларды су қоймасында болу; — жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылу; — шомылуға рұқсат етілмеген жүзу құралдарын пайдалану (үрлемелі матрацтар, автомобиль камералары және т. б.); - көріну шегінен тыс және дабыл, ескерту және байланыс құралдарымен қамтамасыз етусіз судағы кез келген іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады.
Балалардың судағы қауіпсіздігі шомылу орындарын дұрыс таңдау және жабдықтау қамтамасыз етіледі, судағы мінез-құлық және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық қағидалар туралы халықтың барлық санаттағы топтарына жоспарлы түсіндіру жұмысымен қаматамасыз етіледі. Судағы жазатайым жағдайларды алдын алу маңызды профилактикалық шара - шомылуды уйрену. Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар!
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат