Шараға Сауран ауданы прокурорының орынбасары Е.Ахметов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қ.Алиханов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Қуанышбаев, аудан әкімдігінің төтенше жағдайларға жауапты бас инспекторы Ж.Ален, Оранғай ауылдық округінің әкімі Б.Қуандық, ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, учаскелік полиция инспекторлары мен ерікті жастар қатысты.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында «Байылдыр-Қарашық» өзенінің жағалауында демалып жүрген тұрғындармен және балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, белгіленбеген және жабдықталмаған су айдындарында шомылудың қауіптілігі туралы және тазалықты сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Азаматтарға суға түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі жөнінде кеңестер берілді. Осындай іс-шаралар аудан көлемінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Сауран ауданы әкімдігі азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Төтеншеліктердің айтуынша шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың көпшілігі тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындарында болады. Әрбір азамат қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Жаз мезгілінде тұрғындардың су айдындарына барып демалуы көбейеді. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Ең алдымен, тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылған дұрыс. Мұндай орындарда құтқарушылар кезекшілік атқарып, су түбі алдын ала тексеріледі. Белгісіз және қауіпті аймақтарда суға түсу адам өміріне үлкен қатер төндіреді.
Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Ата-аналар мен заңды өкілдер балаларды үнемі бақылауда ұстап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі қажет. Суға мас күйінде түсуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар су ішінде бір-бірін итеру, жалған дабыл беру, шамадан тыс алыстап жүзу сияқты әрекеттерден аулақ болу қажет. Қайықпен немесе басқа да жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыздар. Ауа райының қолайсыз кезінде суға түспеген жөн. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу «112» қызметіне хабарласыңыздар.
ТЖ қызметкерлерінің пікірінше көбінесе судағы адамдардың өлімі суға батқандардың кінәсінен орын алады, жеңілдікпен қарау, күштерін және мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау. Тәжірибесіз әрекеттердің нәтижесінде адамда урей және дүрбелен қорқу пайда болады. Суда адамдардың қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету, әсіресе балалардың, ересектерден балалардың су айдындарындағы мінез-құлық ережелерін сақтау, шомылуды уйрену және демалуды қауіпсіз ұйымдастыруды талап етеді. Ересектер де батып кетеді, балық аулауда немесе мас болу күйінде. Мұның бәрі судағы мінез-құлық және қарапайым ережелерді елемейтін демалушылардың немқұрайлылығы.
Бала және ересек адам судың жанында қандай ережелерді білуі керек? Біз сіздің назарыңызға шомылуды ұнататындардың барлығын қорғауға көмектесетін жадынаманы ұсынамыз. Баланың денсаулығы үшін судың жанында демалуы үшін ол суда жүзе білуі, судағы мінез-құлық ережелерін білуі және орындауы керек, бұл ережелерді ересектер, әсіресе ата-аналар ұстанатынын көру қажет. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес: — жалғыз, ересектердің бақылауынсыз, балалардың шомылу және оларды су қоймасында болу; — жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылу; — шомылуға рұқсат етілмеген жүзу құралдарын пайдалану (үрлемелі матрацтар, автомобиль камералары және т. б.); - көріну шегінен тыс және дабыл, ескерту және байланыс құралдарымен қамтамасыз етусіз судағы кез келген іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады. Балалардың судағы қауіпсіздігі шомылу орындарын дұрыс таңдау және жабдықтау қамтамасыз етіледі, судағы мінез-құлық және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық қағидалар туралы халықтың барлық санаттағы топтарына жоспарлы түсіндіру жұмысымен қаматамасыз етіледі. Судағы жазатайым жағдайларды алдын алу маңызды профилактикалық шара - шомылуды уйрену. Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат