Бейсенбі, 18 Маусым 2026 11:19

Отырар ауданында полиция күніне орай шағын футболдан турнир өтті

23 маусым – Қазақстан Республикасы Полициясы күніне және Қазақстан полициясының құрылғанына 34 жыл толуына орай Отырар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ түрлі мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Турнирге аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық орталық аурухана, «Отырар спорт клубы», аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін паш етті. Қатысушылар ұйымшылдық пен командалық рухтың жарқын үлгісін танытып, көрермендерге әсерлі ойын сыйлады.

Турнир қорытындысы бойынша:

????І орын – аудандық білім бөлімі;

????ІІ орын – аудандық полиция бөлімі;

????ІІІ орын – аудандық төтенше жағдайлар бөлімі иеленді.

Марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтады. Өз сөзінде ол мұндай спорттық іс-шаралардың қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұйымшылдық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға қосатын үлесі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысқан барлық командаларға алғысын білдірді. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы кубоктар, алғыс хаттар, сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Полиция күніне арналған бұл турнир достық пен спорттың мерекесіне айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Спорттық бәсеке өзара сыйластық пен әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Осы тұста Қазақстан полициясының құрылу тарихына шолу жасай кетсек.1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі полицияның қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болып табылатын «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. 2007 жылы 5 маусымда ҚР сол тұстағы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекіткен болатын. Содан бері әр жылы осы күн полиция күні ретінде аталып өтіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев: «Ең өзекті міндеттердің бірі – құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау болып отыр. Мемлекеттік күштік құралы ретіндегі полиция бейнесі біртіндеп өткеннің еншісіне кетіп, ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады. Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді»,- деген болатын.

Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.

Полиция – қоғамдық тәртіпті қадағалайтын, азаматтардың өмірі мен мүлікінің қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін орган. Ол толыққанды мемлекеттіктің бір белгісі. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің тек мінездемесі, кәсіби біліктілігі ғана емес, сыртқы сымбаты назарға алынған. Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерінің жағымды имиджін қалыптастыру тұрғысында тыңғылықты жұмыс атқарылуда. Бұған қоса, кезекті өтетін аттестация бар. Бұл сынақтан сүрінбей өткендер ғана халыққа қызмет етеді деген сөз.

Қандай мамандық маңызды деген сұраққа әркім әртүрлі жауап береді. Егер сіз қаншалықты батыл, қиын және қарбалас ерлер мамандықтарын сұрасаңыз, олар ең алдымен өрт сөндірушілерді, құтқарушылар мен әскери қызметшілерді есіне алады. Ақыл-ой еңбегінің барлық қызметкерлерін, ең білімді ғалымдар деп атайды. Бірақ, біздің пікірімізше, олардың жұмысы барлық аталған сипаттамаларды біріктіретін адамдар бар. Олардың өміріндегі жұмыс ең қажетті, ең қиын, жауапты және үнемі жетілдіруді талап етеді. Бұл адамдардың ең басты міндеттері – азаматтардың қылмыстық қол сұғушылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау, терроризмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлеріне қарсы күресу. Және бұл адамдар-полицейлер. Полицейдің кәсібі көптеген адамдар үшін қызықты және әсерлі оқиғаларға толы болып көрінеді, ал іс жүзінде заңның үстемдігін қорғау күнделікті, кейде біртектес жұмыс пен қиыншылықты қажет етеді.

Азаматтардың қауіпсіздігін күзететін кез-келген адам, айтқандай, жауынгерлік қапталда ерекше икемді және жауапкершілікті болуы керек, өйткені тек тәртіп қана емес, сонымен қатар жұмыс орнындағы азаматтар мен әріптестердің өмірі де оның айқын және сенімді әрекеттеріне байланысты. Жұрттың бәрі бірдей полиция қызметкері бола алмайды. Бұл мамандық үшін ерекше мінез, ұқыптылық, шыдамдылық, сабырлылық, мейірімділік болуы керек; сонымен бірге – беріктік, тез шешім қабылдай білу, үлкен жауапкершілік сезіміне ие болу қажет. Бұл, әрине, өз жұмысына шын жүректен берілген адам, осы кәсіптің маңыздылығы мен қиындығын түсінетін, қауіп-қатерден, қиындықтардан қорықпайтын, бүкіл өмірін адамдарға арнауға келісетін және өз өмірін тәуекел етумен жұмыс істейтін адам болуы керек.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 46 рет