Қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік көмек, жер қатынастары және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен құқықтық кеңестер алды. Көтерілген бірқатар мәселелер бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Аталмыш шараның басты ерекшелігі – тұрғындардың әртүрлі мекемелерді аралап уақыт жоғалтпай, бірнеше мемлекеттік органның өкілдерімен бір жерде жүздесуіне мүмкіндік берілуі. Соның арқасында азаматтар өз мәселесін жан-жақты түсіндіріп, оған қатысты бірнеше мекеменің пікірін қатар тыңдай алады. Бұл халық үшін де, мемлекеттік органдар үшін де тиімді тәжірибе саналады.Қабылдау барысында ауыл тұрғындары инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, ауыз су жүйесі, коммуналдық қызметтердің сапасы және елді мекенді абаттандыру бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар әлеуметтік көмек алу тәртібі, мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де әлеуметтік төлемдерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жер қатынастарына байланысты мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, құжаттандыру, пайдалану тәртібі және осы бағыттағы заң талаптары жөнінде сұрақтарын қойды. Сала мамандары әрбір өтінішті жеке қарап, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді. Кейбір мәселелер бойынша қажетті құжаттарды жинақтау және ары қарай қай мемлекеттік органға жүгіну керектігі жөнінде нақты бағыт-бағдар көрсетілді. Сонымен қатар тұрғындар тұрғын үй, жұмыспен қамту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, құжат рәсімдеу, құқық қорғау саласына қатысты өзге де сауалдарын ортаға салды. Әрбір өтініш назардан тыс қалмай, жауапты мамандар азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңес беріп, мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын түсіндірді.
Кездесу барысында көтерілген сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешімін тапса, жан-жақты зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынып, әрбір өтініштің заң аясында қаралуы қамтамасыз етілетіні айтылды. Мұндай бақылау тұрғындардың көтерген мәселелерінің назардан тыс қалмауына және олардың заң талаптарына сәйкес шешілуіне мүмкіндік береді.
Естеріңізге сал кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында елімізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» атты жаңа әлеуметтік жоба іске қосылған болатын. Жобаның басты мақсаты – әрбір азаматқа қолжетімді әрі дер кезінде заң көмегін ұсыну. Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қолға алынған бұл акция аясында прокуратура қызметкерлері мен заңгерлер тұрғындарға тегін құқықтық көмек пен кеңес береді.
«Құқықтық дәріхана» форматы жеке консультацияларды ғана емес, сонымен қатар профилактикалық әңгімелесулер, түсіндірме кездесулер өткізуді және ақпараттық материалдарды таратуды көздейді, мұнда азаматтарға алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары, цифрлық қауіпсіздік ережелері, жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және жанжалды жағдайлардың алдын алу тәсілдері туралы ақпарат жеткізетіндігін атап өткен жөн.
Өтініштердің едәуір бөлігі тікелей сол жерде шешілетінін, қажет болған жағдайда азаматтарға ресми өтініштерді дайындауға және құзыретті органдарға сұратулар жіберуге көмек көрсетілетінін атап өту керек. Тұрғындардың оң пікірлері жобаның өзектілігін растайды. Акцияның арқасында олар өз сұрақтарына жауап алып қана қоймай, олардың мәселелерін шешуге қолдауды, назарды және қызығушылықты сезіне алғанын көптеген азаматтар атап өтеді. «Құқықтық дәріхана» өткізу қоғамда ашықтық, заңдылық және құқықтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыруға және билік пен қоғамның өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат