Аталған шараның мақсаты – қараңғы уақытта жол бойында немесе көлік қозғалысы қарқынды жүретін аумақтарда малдардың жүргізушілерге анық көрінуін қамтамасыз ету. Жарық шағылыстыратын қарғыбаулар көлік шамының жарығын кері шағылыстырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді. Бұл бастама тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және мал иелерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Алдағы уақытта аталған жұмыстар ауданға қарасты барлық ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Созақ ауданы әкімдігі тұрғындарды жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға, малдарын қараусыз жібермеуге және ортақ қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Жол көлік оқиғасы - жол қозғалысы ережелері бұзылған немесе сақталмаған жағдайда қалыптасқан жеке адамдар денсаулығына зиян келтірген немесе материалдық тұрғыдан және жол жүру үрдісін бұзған оқиға. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады.
Статистикаға сәйкес көбінесе жол-көлік оқиғасын тудыратын мән-жайлар: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау, жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б.
Оқиғалардың басым бөлігі негізінен жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтамаудың, олардың заңға мойынсынушылық мінез-құлықтарының қалыптаспауының, зейінсіз болуының, ішімдік ішіп жолға шығу және жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі, ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жабындысының дұрыс болмауының және автомобиль жолдарына малдың шығып кетуінің салдарынан орын алған.
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. Жол көлік оқиғасы ережесін бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнелеуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, субъективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат