Жиында қалалық психикалық денсаулық орталығының нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері, Қарнақ ауылында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды. Сонымен қатар, колледж студенттері арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында жүргізілген тәрбиелік және профилактикалық іс-шаралар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.