Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен 2019 жылдың 14 мамыры күні ашылған орталықтың қызметімен облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Баймукашева Хадиша Қуанышқызы жіті таныстырды. Түркістан күллі түркі жұртшылығының атамекені әрі облыс орталығы болғандықтан, бүгінде жан-жақтан ағылған туристер санында есеп жоқ. Шетел азаматтары мен қала қонақтарына тіркелу жағынан қызметтік көмек көрсететін орталық, атақонысын аңсаған қандастарымыздың қоныс аударуына да қолайлы жағдай жасауда.
Көші-қон орталығы шетелдік азаматтардың ЖСН алу, салық төлеу, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өту, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу секілді құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеулеріне мүмкіндік беріп отыр.
Айта кетсек, бұл орталықта мемлекеттік қызметтер белгіленген уақыт регламентіне сай электрондық кезек арқылы жүзеге асады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.