Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 23:14

Түркістанда еңбек дауын шешу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Шешілмейтін дау жоқ. Кез келген мәселенің түйінін тарқатып, оң жолын табуға болады. Бұл туралы Түркістан облыстық және Түркістан қалалық сотының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Жиында Жоғарғы Сот тарапынан татуластыру рәсімдерін кеңінен танымал етудің жаңа әрі тиімді әдістері әзірленіп жатқандығы сөз болды. Енді алдағы уақытта еңбек дауын шешудің тың тәсілдері қолданысқа енеді. Осы бағытта Түркістан облысының соттарында  бірқатар жұмыстар атқарылып, аудан, ауыл әкімдіктері мен  жалпы білім беру мектептерінде ашылған медиация кабинеттері жұмыс істеп тұр. Алайда,  әлге дейін жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы араздыққа қатысты алаңдаушылық бар.

Сондықтан кейбір еңбек дауларын сотта қарау керектігі сөз болды.  Басқосуда талас-тартыстың пайда болу себептері талқыланып, оларды болдырмау жолындағы пікірлер тыңдалды. Шара соңында  Түркістан облыстық соты мен облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты  Меморандумға қол қойды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1015 рет