Бейсенбі, 17 Қазан 2019 17:28

Шымкенттік полицейлер қоршаған ортаны ластаған қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапқа тартты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 2019 жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның 6 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1105 тәртіп бұзушылықты анықтаған.

Атап айтсақ:

• «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша – 45; • «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 33; • «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша – 19; • «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 38; • «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 250; • «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша – 67; • «Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу» бойынша – 2; • «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару» бойынша – 1; • «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» бойынша– 5; • «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша – 5 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 691 рет