Бейсенбі, 17 Қазан 2019 20:43

Шымкентте «Әділет кеңес береді» атты акция өтті

Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты акция өтті. Шара барысында заңгерлер азаматтардың жеке мәселелері бойынша тегін кеңес берді. Әділет департаментінің ұжымы осылайша қала тұрғындарына құқықытық көмек көрсетті.

Жиында көпшілікті жиі мазалайтын алимент өндіру, мүлікті құжаттандыру,  зейнетақы тағайындау сынды сұрақтар көбірек қойылды. Заңгерлер жұртты толғандырып жүрген осы сында сауалдарға тегін жауап берді. Күрмеуі қиын мәселелердің  оңай әрі тиімді шешудің жолдарын  түсіндірді.  Республика бойынша бастау алған шарада әділет органдарының өкілдерімен қатар сот орындаушылары, нотариустар мен адвокаттар да азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті.   

Балжан  Әліпбек – Шымкент қалалық Әділет Департаменті басшысының орынбасары: «Заңсыздықтың түрлі белгілері, баласына алимент ала алмауы, сот орындаушыларының әрекеті жайлы мамандар қажетті кеңестерді береді.Жалпы жұрт бұл шарадан хабарсыз. Десек те, қызметкерлер түскен шағымның барлығы аяқсыз қалдырмайды» - дейді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 829 рет