Сейсенбі, 29 Қазан 2019 20:37

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 8135 дана тауар тәркіленді

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 8135 дана тауар тәркіленген. Олардың жалпы құны 1 500 000 теңгеге жуық. Мұндай мәлімдемені Шымкент қаалсының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Камалов жасады.

Оның айтуынша, контрафактілі тауарлар дүкен сөрелерінен жиі табылатын болған. «Себебі елдің ішіне енген тауар айналымнан алынғанымен, шекарада дәл сол тауарларға тосқауыл болмай тұр» - дейді жауапты маман.

Бахтияр Камалов, Шымкент қаалсының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы: «Біз жеке дара өзіміз тексере алмаймыз. Арыз түсуі керек. Мысалы, көп адамдар құқық қорғау орындарына шағым жасайды, ал біз тек соны тексереміз. Біз өз алдымызға тексереміз. Ал олар түбінен неге тексермейді? Егер оларға бөгет қоймасақ, елімізге ол тауарлар ағыла береді».

Контрафактілі тауарлардың басым бөлігі азық-түлік және тұрмыстық-химиялық заттар екен. Ал олар ешқандай санитарлық-нормалық талаптарға сәйкес келмейді. Сәйкесінше, пайдаланған адамның өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 739 рет