Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру болып табылады. Ал мұндағы сөрелерге жастарға қажетті дүниелер қойылған. Енді жас буын сол жерден өздеріне қажетті затты еркін сатып алуларына болады. Бір қызығы, сатып алу кезінде оларға ешқандай сатушы көмектеспейді. Әр заттың бағасы жазулы тұр. Соған сәйкес сатып алушы өзіне керектіні алып, ақысын ашық кассаға қалдырады.
Айта өтейік, мұндай орындар бүгінде облыс бойынша 818 жерде жұмыс істеп тұр.
«Адалдық дүкені – жастарды парасаттылыққа, әділдікке бастайтын үлкен жоба.Алдағы уақытта өзінің нәтижесін береді деген ойдамын. Себебі Адалдық дүкенінің алдында кезкелген азамат өзінің арымен,өзінің ұятымен жұмыс істейтін болады» - дейді «Түркістан–Адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджеріЕрұлан Тұңғышбаев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.