Қоғамда орын алып жатқан жол апаттарының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып жатқан шара барысында заңсыз жолаушы тасымалдаушыларды анықтап, құжаттары тексерілу үстінде. Шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, қала әкімдігі мамандары және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері ұйытқы болды. Өткізілген рейдтік іс-шаралар Сарыағаш қаласындағы Майлы қожа, Б.Ермеков көшелері мен А-15 республикалық автожолдың қиылысы, «Алып» сауда орталығы және Қабланбек кеден бекеті маңында жүргізілді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 61 хаттама түзілді. Аталған шаралар жолаушылар қауіпсіздігі мен заңсыз жолаушылар тасымалына бағытталған. Алдағы уақытта заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.