Жексенбі, 10 Қараша 2019 17:16

Түркістан облысында 11 экологиялық қылмыс жасалған

Түркістан облысында «Браконьер» іс-шарасы барысында 11 экологиялық қылмыс пен 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Түркістан облысы аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурс обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала-аудандық полиция бөлім/басқармаларының табиғатты қорғау инспекторлары атсалысты. Жалпы іс-шара аясында 11 экологиялық қылмыстық құқықбұзушылық және 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда: 1) Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу бойынша 2 қылмыс; 2) Ал, заңсыз аңшылық бойынша 5 қылмыстық теріс қылық анықталды. Мәселен, Созақ АПБ-нің табиғатты қорғау инспекторы полиция капитаны Ж.Атабаев арнайы жарықтандырғыш құралын пайдаланып, бір бас жабайы қоянды заңсыз аулаған екі табиғатқа залал келтірушілерді ұстады. Олардан 1 дана жарықтандырғыш құрылғысы, автокөліктері, 1 дана өлі қоянның денесі тәркіленіп алынған. 3) Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін 4 қылмыстық теріс қылық анықталды.

Сонымен қатар, 146 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, табиғатқа зиян әкелген тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, оның 800 мыңға жуығы өндірілген. Түркістан облысында өткен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында браконьерлерден ІІО-да тіркелмеген 7 дана тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 25 дана патрон, заңсыз ауланған 24 кг балық, 9 дана қоян, 3 дана қайық, 3 қайық моторы және моно талшықтан жасалған қытай полимед 1400 метрден астам ау-тор айғақты зат ретінде алынды. Сондай-ақ, тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбау керектігі, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктеріне тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 642 рет