Сейсенбі, 12 Қараша 2019 01:09

Қазығұртта жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтті

Қазығұрт ауданының прокуроры Қорғанбаев Батыр Ноғайбайұлы ауданы аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобымен шұғыл мәжіліс өткізді. Шұғыл мәжіліске Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, аудандық кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің және жергілікті полиция қызметінің басшылары, прокуратура мен аудандық полиция қызметкерлері қатысты.

Шұғыл мәжіліс барысында 2019 жылдың өткен мерзімі аралығында аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алу іс-шараларының нәтижесі мен жұмыс тобының атқарған жұмысы талқыланды. Сонымен қатар, аудан прокуроры қадағалау аумақта заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша бірнеше фактілер анықталғанына қарамастан, өз бетінше пайдалану тыйылмағаның атап өтті. Қазығұрт ауданы аумағындағы жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау мақсатында жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, заңсыз алынған жер қойнауын пайдаланған жағдайда Қазақстан Републикасының заңнамасы тәртібінде жауапкершілік көзделгені туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен тарату жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарында пайдаланатын қиыршықты құм тастарын заңсыз өзен арналарынан алуын алдын алу мақсатында, заңды кең шығарытын орында (карьер) алуға болатыны туралы жергілікті тұрғындарға хабарлауды және аудан аумағында заңды кең шығаратын орындарын ашу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Батыр Ноғайбайұлы Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жер қойнауын өз бетінше пайдалануды алдын алу және болдырмау бағытындағы жұмыстарына ерекше тоқталып, аталған бағытта жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап көрсетті. Қаралған мәселе бойынша барлық қатысушылардың баяндамалары, ұсыныстары мен түсініктемелері талқыланып, қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша жауаптыларын белгілеп, бақылауға алынды. Шұғыл мәжілістің нәтижесінде аудан прокуроры осы тектес жиындар алдағы уақытта да өткізілетінің және қаралған мәселе бойынша атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы атап өтті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 689 рет