Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019 16:17

Түркістан: құқық қорғау органдарының 10 айлық есебі тыңдалды

Түркістанда жасөспірімдер қатысымен болған қылмыс саны 70 пайызға артқан. Әсіресе кәмелектке толмағандардың түн қатып, бейсуат көше кезіп жүруі тиылар емес. Жыл басынан бері рухани шаһарда ата-ана қарауынсыз беймезгіл жүрген 456 жасөспірім анықалды . Оған қоса мектеп оқушылары ұрлық жасап ұсталған. Бұл туралы қалалық әкімдікте құқық қорғау органдарының 10 айлық есебінде айтылды.

Көне шаһарда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейі азаймай тұр. Оның ішінде әлімжеттік пен түн уақтында көше кезу тиылар емес.Ол аздай мектеп оқушылары енді ұрлыққа көшкен. Түркістан қаласында жалпы 33 мектеп болса, оның 11-інде құқықбұзушылық тіркелген. Бірқатар білім ұясынан  9-шы сынып оқушылары ұрлық жасаған. Құқық қорғау органдары он айда құзырлы орган өкілдерімен бірлесіп арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырған. Нәтижесінде бейсуат жүрген жастар анықталып, ата-аналарына ескерту жасалған. Дей тұрғанмен қараусыз жүрген жасөспірімдердің қарасы азаймай отырдейді полицейлер. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ендігі жерде ата-аналарын да қатау жазаға тарту мәселесі көтерілді. Тәртібі нашар балалармен ұстаздар мен жасөспірімдер инспекторы тікелей бірлесіп жұмыс жүргізу керектігі айтылды. Оған қоса көне шаһар аумағына арнайы бақылау камералары да көптеп орнатылып жатыр. Бұл заң бұзушылықтың алдын-алуға көмектеседідейді тәртіп сақшылары.

«Желтоқсан айының аяғы 30 жұлдызына дейін 500 камера орнатылады. Яғни қала қауіпсіздігіне. Жол, қоғамдық қауіпсіздік бар. Сол бойынша 500 камера орнатылып жатыр. 2020 жылдың жарты жылдығына дейін қала әкімінің айтуы бойынша 5000 камераға дейін жетеді деп отыр қала аумағында» - дейді Түркістан қалалық  полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің басшысы Бағдаулет Әуелбеков. Бала тәрбиесі барлығымызға ортақ. Сондықтан оған қоғам болып қарсы күресуіміз қажет.Бұл үрдістен ата-аналар мен ұстаздар тіпті қариялар да қалыс қалмауы қажет. Сонда ғана оң нәтиже болмақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 724 рет