Сәрсенбі, 04 Желтоқсан 2019 17:36

Түркістан облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қараша күні - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою Халықаралық күні аталып өтіледі. ҚР ІІМ бастамасымен ел аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар, білім, медицина, еңбек және әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау, халықты қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен қатар іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіліп, буклеттер, жаднамалар мен плакаттарды тарату жұмыстары саябақтар, алаңдар, базарларда жүргізілген. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізу мақсатында, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатарынан волонтерлер тартылған.

Түркістан облысы бойынша 3066 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ІІО-на жеткізіліп, оның 3126 қорғау нұсқамасына алынған. Сондай-ақ, құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен 364 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленіп, профилактикалық есепке алынды. Айта кету керек, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»республикалық акциясын Түркістан облысының полицейлері қарқынды түрде іске асырып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 695 рет