Жұма, 06 Желтоқсан 2019 15:23

Түркістан облысында 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылған

Жыл басынан бері заңды бұзған 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі қылмыстық жазаға тартылған. Бұл туралы журналистермен жүздескен Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров айтып өтті.

«Жұмыс барысында 450 мыңға жуық азаматтардың құқықтары қорғалды, оның ішінде 74 мыңы кәмелет жасқа толмағандар және 8 мыңы кәсіпкерлер. 2 мыңнан аса жұмысшыға 45 млн. теңгеге жуық жалақы төленді. Мемлекетке құны 2 млрд. теңгеден асатын пайдаланылмый жатқан жер учаскелері қайтарылды. Оған қоса, мемлекет пайдасына 800 млн. теңгеден аса қаражат, 40 млн. теңгеге жуық әкімшілік айыппұлдар өндірілген. Қадағалаудың нәтижесінде қылмыс деңгейі 24,2%-ға төмендеді. Қарақшылық- 23,1%,тонау - 33,5%, ұрлық - 32,3%, ал алаяқтық - 13,9% азайды. Соттар 102 азаматқа қатысты үкімді қайта қарап, нәтижесімен 55 азаматқа қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді», - деді Нұрғалым Мәжитұлы.

Бүгінде Түркістан облысы прокуратурасымен өңірдегі тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар оңды жұмыстар атқарылуда. Облыс прокуроры аудан, қалаларға арнайы іссапармен барып, халықпен кездесіп, айқындалған проблемаларды егжей-тегжейлі талқылауда. Әрі оңды шешілуіне бағытталған жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. Өңірдің қылмыстылықтың жағдайын ескере отырып, құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру мақсатында тұрақты түрде кеңес отырыстары өткізілуде. Одан бөлек, өзекті мәселелерді зерделеу мен оны шешу жолдарын қарауға арналған ардагерлер мен прокуратура жанынан консультативтік кеңес құрылған.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 797 рет