Бейсенбі, 21 Қараша 2019 05:27

Түркістан облысы: Келес ауданында бала құқығын қорғау – басты назарда

Аудандық мәжіліс залында аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мәжілісінің кезекті жиыны өтті. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алмас Сексенбаев, аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ауыл және ауылдық округі әкімдері, мектеп директорлары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. 

Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 1. Ауыл округтерінде жасөспірімдермен атқарылып жатқан жұмыстар, қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, бала еңбегін қанаудың алдын алу бойынша күндізгі және түнгі уақытта жасөспірімдердің, мектеп оқушыларының, қадағалаусыз қалған балалардың беймезгіл жүруінің алдын алу бойынша жүргізілген рейдтердің қорытындысы және суицид оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі. Баяндамашылар: Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маман Б.Тастемиров, Абай ауылының әкімі Е.Абдирахманов, Біртілек ауылдық округі әкімінің м.у.а. Т.Ержанов, Бозай ауылдық округінің әкімі М.Қошуақов, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Құрманалиев. 2. 2019 жылдың ІІІ тоқсанына кәмелетке толмағандар арасында қылмыс, құқық бұзушылық және панасыздық жағдайы туралы. Баяндамашы: Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Алтынбеков. 3. Ауданның білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Б.Абдиевтің 06.11.2019 жылғы №2132 және 11.11.2019 жылғы №2148 санды ұсыныс хаттарын зерделеу бойынша комиссия отырысында қарау туралы. Баяндамашы: Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары М.Омаров.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 719 рет