Жұма, 06 Желтоқсан 2019 21:42

Түркістан облысының прокуроры жылды қорытындылады

Облыс прокурорлары жыл басынан бері 450 мыңнан астам азаматтың құқығын қорғауға ат салысқан. Олардың ішінде 74 мыңы кәмелет жасына толмағандар болса мен 8 мыңдайы кәсіпкер. Сонымен қатар қадағалушы орган өкілдері 2 мыңдай жұмысшының ала алмай жүрген айлық жалақысын өндіруге де көмектескен. Ең бастысы ағымдағы жылы құны 2 миллиард теңгелік жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы қазақстан прокуратура органдарының құрылған күніне орай ұйымдастырылған жиында облысымыздың бас прокуроры мәлімдеді.

Журналистермен болған жүздесуде Нұрғалым Мәжітұлы біраз мәселенің бетін ашты. Облыс прокурорының айтуынша өңірде жер мәселесіне қатысты шикілік көп. Осындай олқылықтар салдарынан бір жылдың ішінде мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде шығын келген. Бірақ, қадағалаушы орган өкілдері ол істердің жылы жабылып кетуіне жол бермепті. Жыл бойы көптеген іс-шаралар ұйымдастырып, нәтижесінде 2 мыңдай мемлекеттік қызметкердің заңсыздыққа барғаны анықталған. «Мен прокурорларға арнайы тапсырма беріп, олар тергеп аяғына дейін жеткізіп, үлкен қылымыстық топ анықталып, оның ішінде кадастрдың қызметкерлері бар одан кейін жер бөлімінің мамандары бар. соларды құрықтап, арнайы іс қозғап сотта қаралып ол бүгінде күшіне енді» - деді облыс прокуроры  Нұрғалым Әбдіров.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатқан көрінеді. Ол үшін Прокуратура тарапынан арнайы жұмыс кестесі құрылыпты. Осындай жүйелі істердің арқасында 2019 жылы облыста қылмыс саны қысқарған. Қолда бар мәліметке мән берсек биыл өңірде қарақшылық 23, тонау 33, ұрлық 32, алаяқтық 14 пайызға азайыпты. «Бұл бір күндік жұмыс болған жоқ. Түркістан қаласы бойыншада біраз жұмыстар істелінді. Полицияның жұмыс күшейтілді. БАҚ арқылы есітіп жатырсыздар, үлкен-үлкен қылмыстық топтар қылмысқа тартылып жатыр. Оларды жауапқа сәйкестендіріп жауапқа тартып жатырмыз» - деді Н.Әбдіров. Осындай мәліметтер айтылған жиын соңында облыс прокуроры бірнеше номинация бойынша 3 бірдей өңірлік БАҚ-ты марапаттады. Оның ішінде Тұран даласына тұтастай ақапарат тарататын «Оңтүстік» телеарнасы да бар. Біздің арна «Ең үздік теле сюжет» аталымы бойынша үздік деп танылды. Сонымен қатар осы күні бірнеше прокуратура қызметкерлерінің шені жоғарылап, бірқатары марапатталды.

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1021 рет