Жұма, 22 Қараша 2019 23:31

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті

Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық-құқық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті ІVтоқсанына арналған отырысы өтті. 

Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысын аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы Бақытжан Қалдыбекұлы Полатов жүргізіп отырды. Жиналысқа консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қ. Сартаев, Д. Динашова, Н. Үсіпбеков және С. Сабировалар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары жөнінде өз баяндамаларын жасады.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Б. Полатов бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кету керек, аталмыш органның жұмыла еңбек етуінің нәтижесінде аудан аумағында құқық бұзушылық һәм қылмыс көрсеткіштері біршама азайған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 667 рет