Сенбі, 23 Қараша 2019 05:18

Түркістан облысы: Шардара ауданында «Халық заңгері» атты қоғамдық қабылдау өткізілді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қарашада еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқанын өткізілді. Жоспарға сәйкес, Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 22 қараша күні сағат 17:00-де аудан тұрғындарына кеңес берілді. 

«Халық заңгері» атты қоғамдық қабылдауда кез келген құқықтық мәсеселер бойынша білікті мамандардан тегін заң көмегін алуын қамтамасыз етті. Ауданның адвокат, нотариус, медиатор, прокурор, тергеуші, сот орындаушы, әділет органының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі өкілдерінің, медицина, білім, жер, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала мамандарының қатысуымен өткен іс-шарада жергілікті халық көкейінде жүрген барлық сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Яғни аталған іс-шараға келген тұрғындардың мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 740 рет