Дүйсенбі, 25 Қараша 2019 05:25

Түркістан облысында білікті мамандар тегін заң көмегін көрсетті

Түркістан өңірінің барлық аумағындаХалық заңгерінауқаны өтті. Тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілген шара Қазақстанның барлық қаласында бір уақытта, бір күнде өткізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Параграф ақпараттық жүйесі және zakon.kz интернет-басылымы мұрындық болған шараны Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Мұндағы басты мақсат – құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету. 

- «Ашық Түркістан» жобасы жүзеге асып жатыр. Мұндағы негізгі ой, негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлықты жою. Бұл – тек бір күндік іс-шара. Түркістан облысының барлық аудан, қаласының 16 жерінде өтіп жатыр, - деді Түркістан адалдық алаңы жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев.

Кеңес беру науқанында тұрғындар "Nur Otan" партиясының филиал өкілдерінің, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, нотариус, прокурор, сот орындаушы, әділет қызметкерлері, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімдерінің өкілдерінен құқықтық кеңестер алды.

Айта кетейік, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ерекше маңызға ие бұл игі бастама қарапайым халық үшін дәстүрлі әрі тиімді жобаға айналып үлгерді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 640 рет