Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2019 22:21

Түркістан: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 тәулігінде 80-нен астам қылмыс және 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Естеріңізге салсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінде биылғы жылдың 9-13 желтоқсан күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған 800-ден астам тәртіп сақшылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен басқа да тиісті орган мүшелері жұмылдырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – криминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау болып табылады. Сонымен «Құқықтық тәртіп» атты іс-шараның 3 тәулігінде Түркістан облысы Полиция департаментіне 110 қылмыс тіркеліп, оның 86-ы ашылған. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады. Полицейлер тыйым салынған заттарды, оның ішінде есірткі затты тасымалдау және сақтау бойынша 12 жайтты анықтады. Мысалыға, 10 желтоқсан күні Сарыағаш ауданының полицейлері жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінің сарайын тінту барысында «кептірілген марихуананы» тәркіледі. Сараптама қорытындысына сай алынған есірткі заты 80 грамнан астам мөлшерді құрады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Сайрам ауданында өткізілген «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында, тәртіп сақшылары ауыл көшелерінің бірінен күдікті жас жігітті тоқтатып, оны тінту барысында 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығын тапты. Аталған жайт Сайрам АПБ-не СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қоса «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында полицейлер 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 125 жайт «ұсақ бұзақылық», 14 алкогольді сату ережесінің бұзылуы мен 300-ден астам мас халде қоғамдық орында болу жағдайларын анықтады. Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша полицейлер, қарсы бағытқа шыққан 16 жайтты анықтады. 29 жүргізушіге көлікті мас халде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Осы тұста аталмыш іс-шара 13 желтоқсанға дейін жалғасатыны естеріңізге саламыз.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1383 рет