Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 12:52

Төлеби ауданының прокуроры жасөспірімдерді салауатты өмір салтына шақырды

Түркістан облысы, Төлеби ауданының прокуроры Дәулет Тлемісовтің бастамасымен құрылған мобильді топ мүшелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесулер өткізуде.

Аудан прокуроры бастаған топ мүшелері Көксәйек ауылдық округінің мәдениет үйінде Төлеби, Қазақстан, Жеңіс, Х.Дулати жалпы орта мектептерінің оқушыларымен кездесті. Басқосуда қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелер қозғалып, сұрақ – жауап түрінде еркін пікір алмасылды. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар, аудан прокуроры жастарды еліміздегі қолданыстағы заң талаптарымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуінің барысымен таныстырып өтті. Салауатты өмір салтымен өмір сүруге шақырды. Мобильді топтың осындай кезекті кездесуі Қ.Мамытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде де өтті. Дәулет Тлемісов жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен суицидтің зардаптарын айтып, оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасты қылмыс жасаған немесе заңды бұзған жағдайда қандай жазалар күтілетіндігі айтылды. Аудан прокуроры оқушыларға бос уақытын тиімді пайдаланып, спорттық үйірмелерге баруға кеңес берді.

 

Оқылды 621 рет