Бұл ретте полиция қызметкерлері мен еріктілер жұдырықтай жұмылып, көшеде топтасып тұрған және медициналық бетпердесіз жүрген адамдармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, қауіпті дерттің қатерін қосымша түсіндіруге көшті. Олар тұрғындарға аса қажеттілік туындаған жағдайда ғана болмаса, үйден шықпауға кеңес беруде. Сонымен қатар көшеге шыққанда барынша сақтық шараларын қолданып жүру керектігін де еске салды. Тәртіп сақшылары көпшілікті төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптарды орындауға және айтылып жатқан кеңестерге назар аударуға шақыра отырып, жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қайталап ескерту үстінде. Мұндай профилактикалық қадамдардың шаһар жұртшылығы арасында коронавирус індетін жұқтырудың алдын алуда пайдасы зор боларына сенімдіміз.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.