Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарының кіреберістерінде залалсыздандыру кілемшесі мен клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс. Және қолды залсыздандыру сұйықтығы мен қызметкерлер бір реттік бетпердемен және қолғаптармен қамтылуы тиіс.
Осы бағытта тексеріске шыққан мамандар, әсіресе, тамақтану орындарындағы талапты қатаң бақылауға алды. Санитарлық талаптарды орындамағаны үшін "Малибу", "Метелица" сынды тамақтану орындарына хаттама толтырылды.
«Біз қазір Республика және Б.Момышұлы көшелеріндегі қоғамдық орындарды аралап шықтық. Бүгін ескертуге құлақ асып, талапты сақтамағаны үшін 5 жеке кәсіпкерге хаттама толтырылды», - дейді Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ЖПБ басшысының орынбасары Берік Шойынбаев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.