Сенбі, 11 Сәуір 2020 16:50

Түркістан: Өзбекстан азаматтары Сарыағаштық полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Әлемге тараған індетке байланысты әр азамат өз еліне, үйлеріне қарай ағыла бастады. Бұл әсіресе Өзбекстан Республикасымен шектесетін Сарыағаш ауданындағы Жібек-жолы кеден бекетінде карантинге байланысты Өзбекстан аумағына өту мақсатымен келген өзбекстандық азаматтардың легі көп.

Сол азаматтарды Өзбекстан мемлекеті тарапынан өте баяу қабылдауына байланысты 2-3 тәуліктеп кезекте тұрып қалып жатқан жағдайлар бар, -деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осындай қиын сәттерде Өзбекстан Республикасы азаматтарын далада қалдырмаған Сарыағаш ауданы полицейлері мен тұрғындары, өз еліне өте алмай бірнеше күн шекарада тұрып қалған 700-ге тарта Өзбекстан Республикасының азаматын арнайы жатақ жай, ыстық тамақ ұйымдастырып, көрші ел азаматтарына қолдау көрсетті.

 Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының азаматтары қазақстандықтарға алғыстарын білдіріп жатты. Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ жергілікті полиция қызметі полицейлері, Көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторлары осы аймақта қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында күні-түні қызмет атқарды. Төтенше жағдай режимінің сақталуына бақылау жасады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 704 рет