Сенбі, 11 Сәуір 2020 18:07

Түркістан: Блок-постта тұрған полицейге бағынбай, күш көрсеткен тұрғын ұсталды

2020 жылғы 15 наурыздағы №285 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында Түркістан облысы бойынша блок-бекеттер орналастырылды. Аталған блок-бекеттерде полицейлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызметтер атқаруда.

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Осындай кезекті жұмыс күні Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блок бекетінде, өз қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне жергілікті тұрғын мас халде келіп, полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтындығы туралы ескерткеніне құлақ аспаған. Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаушылық танытып, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған.
Аталған жайт, Мақтаарал АПБ СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 380 бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тұрғын қамауға алынды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 709 рет