Сенбі, 11 Сәуір 2020 18:20

Түркістан: Отырарлық туристік полицейлер өңір тарихын жетік біледі

Түркістан облысында туристік полиция қызметі жұмыс атқаруда. Ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгерген сала қызметкерлдері облыс орталығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырар ауданындағы Арыстан баб мавзолейінде туристерге қызмет көрсетіп келеді. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Отырарлық Мұрат Төлегеновтың бұл саладағы еңбек етіп жүргеніне жылдан астам уақыт болды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ол шетелдік туристер мен өзге өңірлерден келген қонақтарға қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Бос уақытында өңірдің тарихын оқып, білімін жетілдіріп отырады, -деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаменті.
- Арыстан баб кесенесі туристер көп келетін аймақ. Мұнда көптеген алыс-жақын шетелдерден де қонақтар жиі келетін. Дегенмен, елімізде COVID-19 пандамениясына қарсы төтенше жағдай орын алғандықтан қазір келіп жатқан туристер жоқ. Жалпы, туристерге қарсы жасалатын қылмыс пен қықық бұзушылықтардың алдын алу және де қонақтардың заттары жоғалып қалған жағдайда тез арада көмек беру қызметтерін атқарамыз. Адасып кеткен шетелдіктер де қызметімізге жүгініп жатады – дейді Мұрат Маратұлы.
Отырар АПБ патрульдік полиция тобының туристерге қызмет көрсету қызметінде 5 инспектор бар. Өңір тарихын жетік меңгерген мамандарға шетелдіктерде алғысын айтып, ризашылығын білдіріп отырады.
- Арыстан баб кесенесіне туристік сапармен келген Израиль мемлекетінің азаматы Мустин Изаир Шымкент қаласына қайтар жолды білмей адасып қалған екен. Полиция майоры Мұхит Серікбаев, полиция лейтенанты Асхат Шындалиев және өзім шетел азаматымен сөйлесіп, Шәуілдір ауылындағы автобекетке әкеліп, Шымкент қаласына жүретін көлікке отырғызып жібердік – дейді ол.
Осылайша қоғамға енген жаңа қызмет бүгінде шетелдік қонақтар мен ел тұрғындарының көңілінен шығып отыр.
Туристік бөлім қызметкерлері арнайы киім, қажетті техника және құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Тарихи нысандарды аралап жүруге өте ыңғайлы арнайы электромабильдермен жабдықталған.
- Басты мақсатымыз - Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінде туристік тартымдылығын арттыру, елімізге шетел азаматтарының келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету» - дейді полиция капитаны Мұрат Маратұлы.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 


Оқылды 674 рет