Сенбі, 11 Сәуір 2020 18:26

Ордабасы аудандық полиция бөлімінде дезинфекция жұмыстары күнделікті жасалып тұрады

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің елімізде де өршіп, таралуда. Аталмыш дертті жұқтырған адам саны күннен-күнге артып, халықты үрейлендіруде. Осыған сәйкес елімізде төтенше жағдай енгізіліп, оның ішінде киелі облыста да арнайы мамандар тарапынан шектеулер қолданылуда.

Түркістан облысы бойынша тұрғындарға сақтанып, ешқайда шықпай үйде отыру ескертілсе, керісінше полицейлер мен медицина мамандары күшейтілген режимде қызмет атқарып, жұмыс жасауда. Сондықтан ұдайы қызмет жасап жатқан полиция ғимараттарының да дезинфекцияланып тұрғаны жөн.
Мәселен Ордабасы аудандық полиция бөлімінде полиция басшысының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев бірінші кезекте сақтық шараларының маңыздылығын жеке құрамға ескертіп, дерттің алдын алу мақсатында полиция бөлімін дезинфекциялауға тапсырма берді. Яғни арнайы мамандар шақырылып, толықтай дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, айта кету керек аудан полицейлері бетперде киіп сақтық шараларын ұстану мақсатында таратылған антисептикалық құралдарды тұтынуда. Ал ғимарат ішін хлормен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.
Өз кезегінде полицейлер індеттің өңірде таралмауы үшін барша тұрғындардан сақтық шараларын қолданып, үйден шықпай, адам көп шоғырланған жерлерге барғанда үнемі қорғаныш бетпердесі мен резіңке қолғап киіп жүру керектігін ескертеді. Сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 742 рет