Шымкент қаласында 28-ші наурыздан бастап, қоғамдық тамақтану орындары кафе, мейрамханалар қызметі таңғы сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс істейтін болды. Алайда, кәсіпкерлер төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды орындауға асығар емес.Қолқабын кимеген мына азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Дегенмен, бұл тамақтану орны жұмысын тоқтаты деген сөз емес. Олар кешкі 18-ден 22-ге дейін тағамдарды үйге жеткізу не өзімен алып кету режимінде жұмыс істейтін болады. Ал, мына «Черчилль лаб» атты кафе рейдтік тексеруқұзырлы орган қызметкерлерін көргеннен кейін ғана есіктерін жауап жатты.
Мұнан кейін, полиция департаментінің бастығы бастаған рейдке қатысушылар қаладағы Т.Айбергенов көшесіндегі жалға берілетін пәтерлерге барды. Жедел іс-шара барысында жеңгетайлықпен және жезөкшелікпен айналысатын 3 әйел, пәтерлерді жалға беретін 1 азамат анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, Ералы Жұмаханбетов учаскелік полиция қызметкерлерін де аяп жатпады. Міндетін дұрыс атқармаған азаматтарға оқиға орнында ескерту жасап, шара қолданатынын да жеткізді. Еске салайық, бұл шара халықтың қауіпсіздігін, елдегі қазіргі қалыптасқан төтенше жағдай режимін қатаң сақтауға бағытталған.
«AQ-QARA.KZ»-информация