Еңбекші ауданында 300 мыңнан астам тұрғын бар. Аудан көлемі ауқымды. Кәсіпкерлік нысандары да көп мұнда. Қазіргі жағдайға байланысты біраз коммерциялық орталықтар жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, жұмыс істеп тұрғандарына шектеу қойылды. «Еңбекшімен Төлеби және Сайрам аудандары шектеседі. Қазір мұнда 3 санитарлық блок бекет жұмыс істеп тұр. Олар Тоғыстағы «Жыланбұзған-1» және «Жыланбұзған -2» сондай-ақ, «Абдуллабад» санитарлық бекеттері. Тәртіп қатаң. Кешелі бері қалаға кіріп-шығуға түбегейлі тыйым салынды» - дейді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов.
Қазір ауыл, аудан әкімдерінен бастап, шаһар басшысына дейін дәмхана мен мейрамхана жағалап жүр. Қыдырыстап емес, әрине. Есертуді елемегендерді тезге салмақшы.Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады. Дертті дер кезінде ауыздықтамасақ, кейін бәрі кеш болары анық. Бірақ салынған тыйымға қарамастан, аудан аумағында көпшілік шоғырланатын іс-шаралар өтуін тоқтатпай тұр. Айталық, Тәукехан даңғылының бойында мына тойханада 19-сәуір күні күндізгі сағат 15-00дер шамасында 96 адамға арналған көпшлік шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Көксай мөлтекауданындағы 307-в нөмірлі үйде беташар рәсімі өткен. Орын алған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті азаматтарға айыппұл салынды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат