Сенбі, 04 Сәуір 2020 22:47

Шымкент: үйде отырғандар тұрмыстық өрттің алдын алуы керек

Короновирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жарияланды. Санитарлық талаптарды орындау мақсатында тұрғындардын үйде болуы мен аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауы міндеттеліп отыр.

Дегенмен, үйде орын алатын тұрмыстық өрттерді, улы және табиғи газбен улану жайттарын болдырмау мақсатында электр және басқа да құралдарды пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.  Бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Аталмыш мекеменің жеке құрамы бетперде тағып, дезинфекциялық құралдармен қамтылған.  Қала аумағында екі мобильді автокөлік дауысзорайтқыш арқылы шектеу шаралары халыққа жеткізілуде.

«Шымкент қаласы аумағында 12 блок-посттар жұмыс атқарып, құқық қорғау органдары өз міндеттерін атқарып келуде. Департамнттің тәулік бойы жұмыс атқаратын «101» және «112» телефон арқылы халықтан хабарламалар қабылдануда. Барлық телефон хабарламалар бойынша көмек көрсетілуде» - дейді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 618 рет