Мамандандырылған ХҚКО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.
«Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал автокөлік иелері дайын құжат бойынша Достық шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-на жүгіне алады», — деп түсіндірді Алтынай Татаева.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.