Жексенбі, 05 Сәуір 2020 04:14

Шымкент: партия жанындағы бақылау комиссиясы рейдке шықты

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 28-ші наурызынан бастап, кафе, мейрамханалар жұмысын таңғы сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс режиміне көшті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшелері рейдке шықты.

Олар қоғамдық тамақтану орындарын аралап, санитарлық талаптардың орындалу барысын бақылады. Дегенмен, кәсіпкерлер төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды толық орындап жатыр. Олардың біразы тұтынушылар санының күрт азаюуына байланысты кафелерін жабуға мәжбүр болған. Ал, «TJN» мейрамханасы болса, кешкі 18-ден 22-ге дейін тағамдарды үйге жеткізу не өзімен алып кету режимінде жұмысын жалғастырып отыр.

«Біз барлық мейрамханаларды араладық. Тәртіпті бұзып жатқандар жоқ. Барлығы төтенше жағдай режимін толық орындап жатыр» - дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Абай Андабаев.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 600 рет