Шымкентте 24 автопарк бар. Мыңдаған қоғамдық көліктер өз бағытымен күніне 5-6 айналым жол жүреді. Сондықтан тасымал саласы індет жайылуына қолайлы орта болып тұр. Осына ойға алған Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сақтық шараларын күшейтіп отыр. Автопарк жұмысына арнайы мониторинг жасап залалсыздандыру ісіне мән беруде. «Автопарк басшыларымен семинар өткізіп қаулымен таныстырып түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Залалсыздандыру жұмыстарын күнде қадағалаймыз. Дизинфекцияның қаншалықты жүргізіліп жатқандығын назарда ұстап отырмыз» - дейді Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Талғат Серманизов.
Жолаушы тасымалымен айналысатын Шымкенттегі ірі компанияның бірі «УК Shymkent BUS» ЖШС-гі. Бұл жердегі 300 автобус ел игілігіне қызмет етеді. Серіктестік директоры залалсыздандыру жұмыстарына аса мән беріп отырмыз-дейді. Елікбай Тоқбергенов – «УК Shymkent BUS»ЖШС директоры: «Біздің автобустар кешке келген кезде күрделі тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Кейін мына жерге қойып дизинфекция жасаймыз. Кейін бір сағатқа жауып булаймыз. Азанда рейске шыққан кезде бір айналымнан кейін обработка жасаймыз».Бұл мекемеде 550 көлік жүргізушілері бар. 200 ден астам кондуктор халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сондықтан қызметкерлерге арнайы маска, медициналық қолғап пен дизинфекциялық заттар тегін беріледі. Сонымен қатар сақтық шараларын ұмыт қалдырған жолаушыларға қосымша бетперде қоры бар.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»