Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 19:06

Шымкент қаласына кіріп-шығуға кімдерге рұқсат етілді?

Елдегі төтенше жағдайларға байланысты Шымкент қаласына кіріп-шығу толық тоқтатылды. Алайда төмендегі тізімде көрсетілген себептер бойынша азаматтардың және жүк көліктерінің бекеттерден өтуіне рұқсат етіледі. 

* Медициналық қызметкерлерге. Яғни медициналық ұйымда, фармацефтикалық мекемеде және басқа да медициналық орында жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы анықтаманы және куәлікті көрсету арқылы өтуіне рұқсат.

* Өрт сөндіру және құтқару қызметімен айналасатын мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің өтуіне рұқсат.

* Жерлеу шарасы бойынша 20 адамның немесе 4 көліктің өтуіне рұқсат.

* Зауытта жұмыс жасайтын транзиттің көліктердің өтуіне рұқсат. Бірақ, көлік ішінде 2 адамнан артық болмауы тиіс.

* Азық-түлік тасымалдайтын көліктердің өтуіне рұқсат. Мұнда да адам саны ескеріледі.

* Құрылыс материалдары мен жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге;

* инкассаторлық көліктердің өтуіне;

* Әскери қызметкерлердің өтуіне;

* Өз еліне қайтатын шетелдіктер шығып кететін болса;

* Емдеу мекемелерінен емделіп, Шымкентке келсе немесе шықса, өтуіне рұқсат. Жолдама қағазын көрсету міндетті.

* Теміржолда және әуежайда жұмыс істейтін азаматтардың өтуіне;

* Карантиннен шығып, үйі басқа аймақта болса, бекеттен өтуіне рұқсат.

Бұдан бөлек өзге де сұрақтарыңыз болса, 102нөміріне хабарласып білуге болады.

Айта кетейік, төтенше жағдайға дейін Шымкент қаласына бір күнде 500 мың адам кіріп-шыққан. АлШымкент қаласы сағат 21:00-ден кейін жабылған уақытта 175 мыңға азайған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 677 рет