Блок-бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзитті 1548 көлік (2754 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 6090 автокөлік өткізілмей, қайтарылған. «Блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 3 жайт орын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) хаттамалар толтырылған.
Оған сәйкес, ескерту жасау немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Олардың біреуі соттан өткен, қалған 2 жайт бойынша материал жинақталып, сотқа жолданды», - делінген хабарламада. Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»