Жексенбі, 05 Сәуір 2020 19:03

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды

Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 596 тұлғаға Қазақстан республикасының Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

«Ал, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынды, 4 тұлғаға айыппұл салынды, қалған істер қаралу сатысында», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетсек, Шымкент қаласында 161 тойхана, 801 қоғамдық тамақтану объектісі, 29 базар және 23 ірі сауда орнындары бар.

Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілгені белгілі. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. 55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайтынын ескерте кеткен жөн.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 599 рет