Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 11:13

Шымкентте медициналық бетперде мен дезинфекция құралдарын заңсыз сатқандар анықталды

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатынсыз сатқандарға шара қолданылып жатыр. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірге заңсыз медициналық тауарларды сатуға қатысты 8 фактіні анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады. 

Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық зат (жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге) және 20 мың дана медициналық қолғап (жалпы сомасы 740 мың теңгеге) саудаланған. Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚбК 463-бабына сәйкес 6 әкімшілік хаттама толтырлып, сотқа жіберілді.

1 іс құжаты ҚР ӘҚбК 424-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шарасын қолдану үшін Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұған қоса 1 іс құжаты бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 610 рет