Мәселен, қаладағы Жібек жолы даңғылының Тұрар Рысқұлов көшесімен қиылысы арқылы «Қайтпас», «Тассай» шағынауданы және Сайрам ауданынан қосылған елдімекен тұрғындары шаһар орталығына барады. Тексеру барысында темір тұлпар тізгіндегендердің басым бөлігінде карантин кезінде жүруге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Полицейлер тәртіп бұзғандарды кері қайтаруда. Әзірге ескерту алғандар қайта ұсталса, айыппұл арқалап қайтады. Осылай жайбарақат жүргендер өзіне де, өзгеге де қауіпті.
Мониторинг аясында арнайы топ қаладағы дүкендердіңде жұмысыментанысты. Шығыс шағынауданында орналасқан сауда нүктелері карантин уақытында белгіленген жұмыс кестесінен ауытқып отыр. Таңғы сағат 10-да ашылуы тиіс нысандар сағат 9-дан бастап сауданы қыздырып тұр. Саудагерлерге тағыда түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Шымкентте күн санап коронавирус дертіне шалдыққандар қатары артуда. Олармен байланыста болған 475 азамат оқшауланған. Сонымен қатар дерт анықталғандардың мекенжайы орналасқан көшелерге кіріп-шығуға шектеу қойылған. Көшбасшы партия өкілдері қала тұрғындарын барынша сақтық шараларын сақтауға шақырады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.