Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 13:18

Шымкентте әскери полиция індетпен күресуге атсалысып жатыр

Төтенше жағдай жариялануына байланысты Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі де аты жаман індетпен күресуге өз үлесін қосуда. Блок бекеттерді тәулік бойы күзетеді, санитарлық-дезинфекциялық шаралармен коронавирустың кеңінен етек жаймауын алдын алады. Одан бөлек тұрғындарға міндеттелген бетпердені тағуды да учаскелік полицейлермен бірлесіп қадағалауда. 

Шаһарда 2200-ден астам көше бар. Оның санитарлық-дезинфекциялау шараларына әскери полиция бөлімінің жасағы да жұмылдырылған. Арнайы жасақтың сарбаздары қоғамдық орындар мен халқы көп шоғырланған аймақтарда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жүр. Бұл пандемия кезеңінде коронавирусіндетінің таралуына жол бермеу үшін маңызды қадам.

«Қала тыныштығын күзетіп, құқық бұзушылықтың алдыналуда да әскери полиция жасағы қырағылық танытуда. Оның әрқайсысы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамамен толық таныс. Дүкендер мен супермаркеттер, мейрамхана мен дәмхананың тәртібін бақылауда да жүйелі жұмыстың жанында. 10 бағытты толық қамтыған қызметкерлер учаскелік полицейлердіңжанынан табылып, шектеу шараларына атсалысуда» - дейді Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі бастығының орынбасары міндетін уақытша атқарушы Ержан Ағыбаев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 697 рет